Полицейге шабуыл жасаған ер адам 3 жылға сотталды

29 Қыркүйек 2023, 16:47 680

Солтүстік қазақстандық тұрғын полицейге шабуыл жасағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан шектелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция қызметкерлері билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік барын еске салады. 35 жастағы Тимирязев ауданының тұрғыны үшін өткен жылдың қазан айындағы дәмханадағы өткен кешкі отырыс сот үкімімен аяқталды.

Ол дәмхана алдындағы автотұрақта жергілікті тұрғынмен жанжалдасып қалған. Қызмет көрсетілетін аумақты айналып өтіп бара жатып, кафенің жабылуын қадағалау үшін келген учаскелік полиция инспекторы осы жанжалды байқаған. Массаң күйдегі ауыл тұрғыны полиция қызметкерінің заңсыз әрекеттерді тоқтату туралы талабын елемеген, заңды талаптарға бағынбағаны үшін жауапкершілік туралы еске салғаннан кейін заң өкіліне жұдырық ала жүгірген.

Ол өзінің іс-әрекетімен учаскелік полиция инспекторының денсаулығына зиян келтірді. Бұл факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тамыз айында сот шешешімімен ер адамға пробациялық бақылау орнатылып, 3 жылға бас бостандығын шектеу үкімі шығарылды. Естеріңізге сала кетейік, іс-әрекеттің ауырлығына қарай Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабының 3-бөлігінің санкциясы 4 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, сол мөлшерде түзету жұмыстарына жұмсауды, не болмаса мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, немесе 2 жылдан 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны көздейді. Болмаса сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, – деді полиция бөлімінің бастығы Талғат Кенжетаев.

Равиль Ашығали
Бөлісу: