Полицейге қарсылық көрсеткен қостанайлық 5 тәулікке қамалды

3 Наурыз 2023, 15:54 1103

1 наурыз күні учаскелік полиция инспекторына шағым келіп түскен. Көпқабатты үйдің тұрғындары күнделікті жалға берілетін пәтер иелеріне шағымданып, онда үнемі айқай-шу естіліп, алкоголь ішілетінін айтқан, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі

Учаскелік полиция инспекторы серіктесімен бірге аталған мекенжайға келіп, пәтердің есігін қаққан. Ол жерден мас күйдегі сегіз азамат шығып, озбыр мінез танытқан. Балағат сөздерді доғару туралы өтінішке олардың бірі учаскелік қызметкерді нысанды киімінен ұстап алып, осылайша полиция қызметкерінің заңды талаптарына мойынсұнбаған.

Ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қостанай қаласының әкімшілік сотымен құқық бұзушы 5 тәулікке қамауға алынды.

EL.KZ
Бөлісу: