Полицейді қасақана қаққан Рудный тұрғыны сотталды

6 Қаңтар, 15:22 1462

Рудныйлық тұрғын полицейді қасақана қаққаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жүргізуші билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот оған пробациялық бақылауды белгілей отырып, 2 жыл бас бостандығын шектеуді тағайындады.

Естеріңізге сала кетейік, 22 желтоқсанда Рудный қаласында Toyota жүргізушісі "Мүгедектерге арналған тұраққа" көлігін қойған болатын. Заң бұзушылықты байқаған патрульдік полиция қызметкері көлікке жақындап, жүргізушіге ескерту жасады. Ер адам агрессивті әрекет етіп, оқиға орнынан қашпақ болған. Ол полиция қызметкерін көліктің капотында 50 метрдей сүйреп, содан кейін ол қашып кеткен.

Жансая Әділбек
Бөлісу: