PIXAR –ең табысты анимациялық студия

30 Маусым 2014, 05:06

Pixar Animation Studios – компьютерлік анимация жанрында жұмыс істейтін киностудия. Орналасқан жері – АҚШ, Калифорния.

Pixar Animation Studios – компьютерлік анимация жанрында жұмыс істейтін киностудия. Орналасқан жері – АҚШ, Калифорния.

Pixar студиясын негізін 1979 жылы Джордж Лукас қалады. Студияның бастапқы атауы «The Graphics Group» болатын және ол  Lucasfilm компаниясының құрылымдық бөлігі болып құрылды. 1986 жылы Стив Джобс компанияны Джордж Лукастан 5 млн $ ақшаға сатып алады.

Басында Лукас компанияны 5 млн $ бағалап, отбасылық мәселелерге байланысты Джобс ұсынған бағаға келісуге мәжбүр болады. Джобс тағайындаған компанияның жаңа басшысы Элви Рей Смит PIXAR атауын ұсынады.

2006 жылы ұзақ, әрі күрделі келіссөздерден кейін компанияны Walt Disney Pictures 7,4 млрд $ сатып алады. Бұл келісім Стив Джобсты Walt Disney компаниясының ең ірі акционеріне айналдырады.

Pixar  1995 жылғы «Ойыншықтар тарихынан» (Toy Story) бастап 2013 жылғы «Құбыжықтар университетіне» (Monsters University) дейін 14 толықметражды фильм түсірді. Фильмдердің барлығы кино сыншыларынан оң баға алып, қаржылық табысқа әкелді.

Сондай-ақ, он төрт туындының бәрі кино рейтингісінде «А-» категориясына кіреді, бұл олардың деңгейінің жоғары екендігін көрсетеді. 2013 жылдың желтоқсан айына дейін фильмдерден түскен жиынтық табыс 8,5 млрд $ құрады, яғни орташа есеппен әр фильм 607 млн $ қаражат әкелген. 

«Немоны іздеу» (Finding Nemo) мен «Ойыншықтар тарихы 3» (Toy Story 3) әлемнің барлық уақыттағы ең табысты 50 фильміне кіреді. Осының арқасында Pixar  кинематография тарихындағы ең сәтті анимациялық студияға айналды.

Pixar  түсірген толық метражды фильмдер

Экранға шыққан жылы

Қазақша атауы

Ағылшынша атауы

 

1995

Ойыншықтар тарихы

Toy Story

 

1998

Қоңыздың өмірі

A Bug’s Life

 

1999

Ойыншықтар тарихы 2

Toy Story 2

 

2001

Құбыжықтар корпорациясы

Monsters, Inc.

 

2003

Немоны іздеу

Finding Nemo

 

2004

(қазақша бірыңғай аудармасы жоқ, орысшасы – Суперсемейка)

The Incredibles

 

2006

Көліктер

Cars

 

2007

Рататуй

Ratatouille

 

2008

Уалли

WALL-E

 

2009

Жоғарыға

Up

 

2010

Ойыншықтар тарихы

Toy Story 3

 

2011

Көліктер 2

Cars 2

 

2012

Батыл жүрек

Brave

 

2013

Құбыжықтар университеті

Monsters University

 

Қызықты факт

Pixar  түсірген барлық фильмде А113 нөмірі кездеседі.

«Ойыншықтар тарихы» фильмінде А113 –Эндидің анасы мінетін көліктің нөмірі. 

«Құбыжықтар корпорациясы» фильмінде А113 нөмірі Салли кіріп бара жатқан кабинеттің нөмірі. 

«Немоны іздеу» мультфильмінде А113 – Немоны суретке түсірген сүңгуір дантисттің (ол кезде Немо әлі қолды болмаған) фотокамерасының сериялық нөмірі. 

«The Incredibles» мультфильмінде А113 – Боб пен Мираж кездесуі тиіс конференц-залдың нөмірі. Сондай-ақ, «Адам сенгісіз» мистер отырған камераның нөмірі А113: деңгей – А1, камера – 13. 

«Ратататуй» фильмінде А113 – Лингвини пәтеріндегі теледидарда көрсетіліп жатқан кинодағы пойыздың нөмірі. 

«УАЛЛ-И» фильмінде А113 – Автоботтың капитанды залалсыздандыруға бағытталған бұйрығының нөмірі.

«Көліктер 2» анимациялық фильмінде А113 нөмірі британдық тыңшы ұшақ Сидделидің артқы бөлігінде жазылып тұрады, сондай-ақ пойыздың да нөмірі А113.

«Жоғарыға» фильмінде А113  -  Карл Фредриксеннің ісі жүретін сот залының нөмірі. 

А113 –Джон Лассетер, Бред Берд, Пит Доктер и Эндрю Стэнтон секілді танымал аниматорлар оқыған CalArts мектебіндегі кабинеттің нөмірі. 

Бөлісу: