Пилатеспен шұғылдануға 7 себеп

18 Шілде 2017, 15:00 7956

Ең пайдалы спортқа нені жатқызар едіңіз? 

Пилатес деген не?

Пилатестің жаттығулар жүйесі алғаш 1920 жылы Нью-Йоркте пайда болды. Ойлап тапқан Йозеф Пилатес йога, тайчи сондай-ақ дене шынықтыру жаттығулары мен созылу, тыныс алу техникасы сынды түрлі әдістердің басын құрап, пилатес жаттығуларын өмірге әкелді.

Әу баста бұл жүйе жарақат алған бишілерді оңалту мақсатында пайдаланылды. Сол себепті де пилатестің әрбір қозғалысы еппен жасалады. Жаттығу барысында тыныс алуға көп мән беріледі. Десе де барлық салмақ бұлшық етке түсетінін естен шығармаған абзал.

Егер сіз спортпен шұғылданбайтын болсаңыз, пилатес бұлшық еттеріңіздің тонусын сақтап, дененің иілгіштігін қамтамассыз етеді. Бұлшық еттің ауырсынуын азаайтып, буынның жұмысын жақсартады.

Дененің иілгіштігін күшейтеді

Денеңіз жас әрі иілгіш кезінде кез-келген қозғалыс жеңіл әрі қалыпты секілді көрінеді. Алайда уақыт озып, жас ұлғайған сайын бұл қасиет те нашарлай бастайды. Күнде орындықта тапжылмай отырып істейтін жұмыс пен қозғалыстың жоқтығы өміріңіздің сапасына қалай әсер ететіні айтпаса да түсінікті.

Тағы бір ескеретін мәселе, пилатеспен шұғылданғаннан кейін жаттығуларды үзбей, күнде істеген абзал. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, күніне екі сағаттан 12 апта үзіліссіз пилатеспен шұғылданған адамның икемділігі артып, шыдамдылыққа үйренген.

Пилатес қуатты арттырады   

Күштік спортпен шұғылданатындар пилатес туралы мұндай дерекке сене қоймасы анық. Десе де пилатес жарақаттан кейін күш жинауға септігін тигізеді.

Пилатес бұлшық етті дамытады

Бұлшық еттің қабаты бірнеше қатпармен қапталған сол себепті әрбір қозғалыс сайын да ол да жұмыс істейді. Олар дененің бір қалыптылығын сақтауға қызмет етеді. Бұл түрлі жарақаттан сақтайды деген сөз.

Пилатеспен шұғылдану барысында күш дененің негізгі бөлігіне түседі. Кез келген жаттығу бұлшық еттің қалыпқа келуін жақсартады әрі тонусын реттейді.

Оңалу кезінде пилатеспен шұғылдану қауіпсіз

Оңалтуға бағытталған дұрыс жаттығу – спортшының жаттығу залына тез  оралуына көмектеседі. Пилатес ағазаға айтарлықтай салмақ салатындықтан, бұл жүйе оңалу кезінде белсенділікті арттыруға септігін тигізеді. Жарақат спортшыны физикалық сондай-ақ моральдық тұрығда қажытуы мүмкін. Ал, пилатес арқылы бұл қиындықты еңсеруге болады. Жаттығулар кезінде негативті ой мен эмоциядан оңай арылуға мүмкіндік бар.

Пилатес қан айналымын жақсартады

Қан ағзаны оттекпен қамтамасыз ететіндіктен, қан айналымының дұрыс болуы басты шарт. Қан айналымы бұзылса, қол-аяқтың ұюы, шаршау, бас айналу, шаш түсу, ісік, бет терісінің бүлінуі секілді мәселелер туындайды.

Пилатес қан айналымының жақсаруына екі бағыт бойынша әсер етеді:

  1. Жаттығулар кез келген өзге физикалық жаттығу секілді қан айналымын жақсартады.

  2. Арқа, бел, омыртқаны шынықтырып, қан айналымының жақсаруынан қысым да реттеледі.

Пилатес тыныс алуды жақсартады

Пилатес бұлшық ет қабатының созылуына ықпал ететіндіктен терең демалуды үйренесіз. Жаттығу барасында дұрыс дем алу мен дем шығаруды үйреніп, оны күнделікті әдетке айналдыруыңыз мүмкін. Дұрыс тыныс ала білу көптеген дерттің алдын алып, ағзаңызды күшейтеді. 

Пилатес ұйқысыздықпен күреседі

Тыныс алуды бақылау, денені бір қалыпта ұстау, жайлы жаттығулар күйзелістен арылтып, ұйқыны жақсартады. Сіз тіпті ұйқыға жатар алдында бірнеше жаттығуларды қайталауыңызға болады.

Бақытгүл Абайқызы
Бөлісу: