«Пики Азии» халықаралық сурет көрмесінде 9 жасар Айбекенің жұмыстары көрермендер назарына ұсынылады

2 Тамыз 2019, 18:05 4722

5 тамызда сағат 15:00-де Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде қалалық Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен Еуразиялық Шығармашылық Гильдияның (Лондон) «Пики Азии» атты Халықаралық сурет көрмесі өтеді.

«Пики Азии» - Назира Женішбекова-Барриионуэва (Париж), Guli Bost (Лондон) және Бибігүл Смакова (Алматы) сынды суретшілердің бірлескен жобасы.

Жобаның негізгі мақсаты - Еуразиялық Шығармашылық Гильдия мүшелерінің жұмысымен танысып, жас таланттарды қолдау.

Бұл көрме Қырғызстан Республикасындағы Ыстықкөлдің оң жақ жағалауына сапар шеккен суретшілердің шығармашылық есебі іспеттес: Маруа Байтұрсынова, Әсия Бекішова, Гүлнар Табанова, Адели Сералиева, Нұрым Киназбекова, Бибігүл Смакова, Гүлсезім Токбаева, Альфия Мұхамедьянова. Сондай-ақ, көрмеге 9 жасap жас суретші Айбеке Куанычбекованың жұмыстары да қойылады.

Көрме қатысушылары үлкен эмоцияға, жылулыққа, шынайылыққа бай, табиғатпен жақын қарым-қатынасқа ие, жанды әсер беретін картиналарды тамашалай алады.

Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындары мен қала қонақтарына Іле Алатауының сұлулығын, «Чаша Манаса», «Брызги шампанского» және «Слезы барса» сарқырамаларын, Барскоон тау шатқалдарын, Оғыз Джеттерін, Мыңжылы Ата қасиетті орындарын және әдемі, өркениетсіз орындарды суретшілердің көзімен көруге мүмкіндік беріледі.

Бөлісу: