Пхукет аралында «белгісіз» вирус таралуда

23 Ақпан, 12:56 1114

Пхукетте демалып жатқан туристер аралда «белгісіз» вирус таралып жатқанын айтып, алаңдаушылық білдіруде. Бұл туралы Shot телеграм-каналына сілтеме жасай отырып, El.kz ақпараттық агенттігі мәлімдейді.

Белгісіз аурудың басты симптомдары – бірнеше аптаға созылған дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, тоқтаусыз құрғақ жөтел.

Демалушылардың айтуынша, жергілікті дәрігерлер нақты диагноз қоя алмай әлек. Бірі сырқатты вирусты аурулар қатарына жатқызса, енді бірі бактериялық сипаты бар деп топшылады.

Науқастарға вирусқа қарсы және қақырық түсіретін дәрі-дәрмектер ішуге кеңес берілуде. Алайда саяхаттаушылар демалыстан кейін де симптомдардың бірқатары сақталып, екі аптаға дейін ем-дом қабылдауға мәжбүр екендерін айтып отыр.

Айнұр Оспанова
Бөлісу: