Петропавлдың төменгі жағында су деңгейі әлі де көтеріліп жатыр

16 Сәуір, 11:51 545

Петропавлдың төменгі жағында су деңгейі әлі де көтеріліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

СҚО ТЖД баспасөз хатшысы Евгений Журавлев Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте атап өткендей, Ақмола облысынан келетін су тасқынының екінші толқыны барысында Ғабит Мүсірепов ауданында су деңгейінің бірнеше сантиметрге артқаны байқалады, ал Есіл ауданында Есіл өзенінің ағысы бойынша су деңгейі азайып келеді. Су тасқынына қарсы негізгі іс-шаралар Петропавл қаласынан өзеннің төменгі ағысы бойында жүргізіледі.

Қызылжар ауданында Петропавлдың төменгі жағында су деңгейі әлі де көтеріліп жатыр, яғни бізде Тері зауыты мен Ойқала шағын аудандарындағы үйлерді су баспайды. Онда құтқарушылар жұмыс істеп жатыр, тұрақты мониторинг жүргізілуде, жағдай бақылауға алынды. Еріктілер жұмыс істеуде.  Негізгі іс-шаралар өзен ағысының бойында Петропавлдан төмен орналасқан елді мекендерде жүргізіледі. Соңғы тәулікте су Большая Малышка, Соколовка, Вишневка, Ольшанка ауылдарына келді, онда 317 үй су астында қалды, 1562 адам эвакуацияланды, оның ішінде 299-ы бала, - деді спикер.

Қазіргі сәтте облыста 2401 үй және 1115 үй маңындағы аумақтарды су басқан. Жалпы облыс бойынша 12235 адам эвакуацияланды, олардың 2919 бала. Тәулік ішінде 2947  адам эвакуацияланды, олардың 488 бала. 3590 бас мал қауіпсіз жерлерге көшірілді.

Сергеев су қоймасы 149% толып, су бөгет шыңынан 2 метр 61 см асты.  Тәулік ішінде 9 см төмендеді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: