Петропавлда төтенше жағдай режимі жарияланды

4 Сәуір, 20:29 663

Петропавлда жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Естеріңізде болса, 2024 жылдың 26 наурызынан бастап қала аумағында қардың еру салдарынан жеке секторларды су басты.

Кәріз коллекторлары мен суағарларға түсетін жүктеменің артуына байланысты Абай көшесі бойындағы коллектор істен шыққан болатын. Кесірінен тұрғындардың қалыпты тыныс-тіршілігі бұзылып, бірнеше тұрғын үй су астында қалды.

Авариялық жағдайды жою және қоршаған ортамен тұрғындарға  келтірілген шығынды минимизациялау мақсатында қала әкімінің шешімімен 2024 жылғы 4 сәуірден бастап Петропавл қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі жарияланады, - делінген қалалық әкімдіктің мәліметінде.

Зарина Арман
Бөлісу: