Петропавлда су тасқыны кезінде жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды

13 Мамыр, 01:26 647

Петропавлда осыдан бір ай бұрын су тасқыны кезінде жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Петропавловск.news-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі. 

Полицейлер сүңгуірлердің 34 жастағы қала тұрғынының денесін тапқанын растады.

Еске салсақ, бұған дейін Петропавлда су басу кезінде ер адамның жоғалып кеткені белгілі болды. Сәуірдің 13-і күні Подгора шағынауданын бөгеттен аққан су басып, тұрғындардың бірі ағасының жоғалып кеткенін хабарлаған.

Сәуірдің 13-і күні 34 жастағы қала тұрғынының із-түссіз жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті. 12 мамырда сүңгуірлер жарақаттары жоқ ер адамның денесін тапты. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді, деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі. 

Зарина Арман
Бөлісу: