Петропавлда СҚО ҚХА XXIV сессиясы өтті

2 Шілде 2019, 09:16 4879

Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім формуласы: әлеуметтік бірлік және жаңғырту» атты XXIV сессиясы өтті.


Облыс әкімі, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы Құмар Ақсақалов құттықтау сөз сөйлеп, «Ассамблея барлық этностардың өкілдері үшін тиімді диалог алаңын көрсете отырып, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылының жолға қойылған тетігі болып табылады», - деп атап өтті.

Сессия шеңберінде спикерлер қатысушылар назарына қызықты баяндамалар ұсынды. Олардың арасында жастар мен СҚО ҚХА этномәдени бірлестіктерінің өкілдері де бар. Мазмұнды сөз сөйлеулер бірегей институт - Ассамблеяны қаншалықты біріктіріп, жаңа мүмкіндіктер беретіндігінің көп қырлылығын көрсетті. Бүгін барлық төрағалар, этномәдени бірлестіктердің белсенділері, жұртшылық өкілдері және облыстың басқа да құрылымдық бөлімшелері бір шаңырақ астында жиналды.


Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының «Бейбітшілік пен келісім формуласы: әлеуметтік бірлік және жаңғырту» атты XXIV сессиясы іс-шараны өткізудің жаңа форматымен ерекшеленді. Концерттік бағдарлама мен әртістердің әсем киімдері көрермендерге халық шығармашылығының сан түрлілігн паш етті. 

Петропавл қаласының Оқушылар сарайының фойесінде қолөнершілердің көрмесі ұйымдастырылды. Сессияның ресми бөлігінің соңында Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері барлық қатысушыларға үндеу жолдады: 

«Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері өңірдегі бейбітшілік пен қоғамдық келісімді нығайту, сондай-ақ Қазақстан халқының мәдениетаралық әртүрлілігін сақтау бойынша өз жұмысын жалғастырмақ. Біз барлық қазақстандықтарды жаңғырту үдерісіне белсенді қосылуға, реформаларға қоғамдық қолдау көрсетуге, қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікті дамытуға жәрдемдесуге шақырамыз».

Әсем Жұмабекова

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайынахабарласыңыз.

Бөлісу: