Петропавлда Абай облысының құтқарушылары бір тәулік ішінде 15 жеке тұрғын үйдің ауласын құрғатты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төтеншеліктердің мәліметінше, аулаларды судан құрғату жұмыстары Петропавл қаласының Подгора шағын ауданында жүргізілуде. Соңғы 12 сағат ішінде құтқарушылар шамамен 7 мың текше метр суды сорып шығарды.