Петропавлда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының кезекті сессиясы өтті

25 Желтоқсан 2018, 10:04 2177

ХХІІІ сессия барысында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының 2018 жылы атқарылған жұмыстары қорытындыланып, келесі жылдың жоспары пысықталды.

ХХІІІ сессия барысында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының 2018 жылы атқарылған жұмыстары қорытындыланып, келесі жылдың жоспары пысықталды.

Жиынға облыстық, аудандық және ауылдық этномәдени бірлестіктердің, діни конфессиялардың өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары, жастар, сонымен қатар Қорған мен Түменнен келген қонақтар қатысты.

Кеңейтілген отырыстың соңы салтанатты рәсімге ұласып, Ассамблеяның «Бiрлiк» алтын медалiмен «Солтүстік Қазақстан облысының орыс қауымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Наталья Римская-Корсакова, «Жомарт жан» төсбелгісімен жергілікті кәсіпкер Анатолий Исаков, Құрмет грамотасымен «Urpaq» қазақ мәдени-ағарту орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлбақша Мұсабаева, Алғыс хаттармен «Ассамблея» Солтүстік Қазақстан корпоративтік қоры» төрағасының орынбасары Наталья Хан және «Радзіма» облыстық белорус мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мария Татаренко марапатталды.

Мейірімділік, рухани келісім, достық пен этносаралық келісімді нығайтуда сүбелі үлес қосқаны үшін ҚХА төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенконың атынан «Қоғамдық келісім» облыстық коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары Ирина Литтке, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі Людмила Гривеннаяға, СҚО ҚХА Ғылыми-сараптамалық тобының төрайымы Алма Мұрзалиноваға және СҚО ҚХА медиация кабинетінің жетекшісі Гүлбақша Мұсабаеваға Алғыс хат табысталды.

Сессия соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Бөлісу: