Петропавлда «Мәміле» пікірталас клубының мүшелері «шежіре» құрастыруды үйренді

28 Қаңтар 2020, 15:57 2856

Петропавл қаласының Достық үйінде «Мәміле» пікірталас клубының Жаңа жылдағы жұмысы жанданды.


Мүшелердің саны айтарлықтай өскені байқалады. Бұл жобаның келешегі мен өзектілігін, халықтың мемлекеттік тілді стандартты емес тәсілмен үйренуге мүдделілігін танытты.

Сабаққа қатысушылар ұйымдастырушылармен дайындалған сөздік карточкаларын пайдалана отырып бір-бірімен ойын түрінде танысты. Енді клуб мүшелері қазақ тілінде қалай сәлемдесуді және өзін таныстыруды біледі.

Сабақтың негізгі тақырыбы – «Тек» сөзінің шығу төркіні. Қазақтарда «жеті атасын, қандай руға жататынын білу өте маңызды. Курсты тыңдаушылар да шежіре құрастырып, ата-бабаларын еске түсіріп, олар туралы айтып беруге тырысты.


Бірақ қатысушыларға кездесудің аяқ жағы қатты әсер қалдырды. Себебі олар мемлекеттік тілді жақсы меңгергендіктерімен бірге өздерінің шығармашылық қабілеттерін танытты. Қатысушылар «Көзімнің қарасы» әнінен үзінді орындады. Барлығына бұл лирикалық әннің ұнағаны соншалық, клуб мүшелері оны Абай Құнанбаевқа арналған іс-шарада міндетті түрде тағы бір орындап шығуға уағдаласты.

Бөлісу: