Петропавлда көпқабатты үйде өрт шығып, 107 адам эвакуацияланды

18 Ақпан 2023, 21:09 713

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Петропавлда көпқабатты тұрғын үй өртеніп, 107 адам эвакуацияланды, оның 13-і балалар, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.  

Өрт ақпанның 18-і күні Петропавл каласындағы Горький көшесі 172 мекенжайында орналасқан көпқабатты тұрғын үйде болған. Өрт туралы хабарлама сағат 12:37-де түскен.

Өрт сөндіруге 13 негізгі және арнайы өрт сөндіру автокөліктері мен 41 қызметкер жұмылдырылды. 

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр. 

EL.KZ
Бөлісу: