Петропавлда Иван купала мерекесіне орай гүл өруден шеберлік сыныбы ұйымдастырылды

23 Шілде 2019, 14:56 3625

Петропавлда Достық үйінің «Радзіма» белорус орталығы Иван Купала халық мерекесін ұйымдастырды.


Осы жазғы күні қатысушылар әйелдердің бастарын тағатын гүлдерді өру бойынша шеберлік сыныбынан өтті.


Гүл шоғы – әйел сұлулығы мен адалдықтың символы, сондай-ақ мерекенің міндетті атрибуты болып саналады.

Бұл күні мерекеге арналып көңілді ойындар, шынайы әңгімелер ұйымдастырылды. 

Бөлісу: