Петропавлда бүлдіршін құтқарушыларға тәттілер таратты

15 Сәуір, 16:52 5760

Кішкентай қыздың әрекеті желі қолданушыларын тәнті етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Су астында қалған Петропавлда қазір жұмыс қауырт: су тасқынымен күресу үшін құтқарушылар толық жұмылдырылған. Әлеуметтік желіде тараған видеолардың бірінде кішкентай қыздың табиғи апатпен күресіп жатқан құтқарушыларға тәттілер таратқанын көруге болады.

«Кішкентай періште қызым, ер азаматтарымыз бен ұлтымыздың қаршадай балапандарын Аллам аман қылсын», «Аллам қорған болшы...», «Өмір жасың ұзақ болсын», «Жанымсол, аман бол, кішкентай жүрек болса да мейірімі мол», «Зұлымдық пен апаттың арасындағы кішкентай шұғыла», «Ағаларына жаны ашып тұр», - деп жазды оқырман қауым. 

@makanovkzz0 #петропавловск ♬ Жалғызым — қазақ - Ұланғасыр Қами

Мадина Асылбекова
Бөлісу: