Петропавлда биыл әлеуметтік осал топқа жататын 600 отбасы қоныс тойын тойлайды

28 Тамыз 2023, 23:43 653

Петропавлда биыл 20 көп қабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі. Нәтижесінде 2 мыңнан астам отбасы қоныс тойын тойламақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Петропавл қалалық әкімдігінің мәліметінше, Петропавлда негізінен «Жас өркен», «Орталық», «Береке» және «Копай» шағын аудандарында құрылыс қарқын алған. Қазір 18 несиелік үй салынып жатыр, бюджеттік 6 үй қолданысқа берілуге әзір, бүгінде айналасын абаттандыру ісі ғана қалған. «Береке» шағын айданында бой көтерген бұл үйлер әлеуметтік осал топқа жататын 600 отбасыға берілмек.

Облыс орталығында коммерциялық баспанаға да сұраныс бар. Жекеменшік компаниялар биыл 29 көпқабатты үйдің құрылысын жоспарласа, соның сегізі пайдалануға берілді.

Жалпы биыл 20 көпқабатты – 6 бюджеттік және 14 коммерциялық үйдің құрылысы аяқталады. Нәтижесінде 2 мыңнан астам отбасы баспаналы болады, - дейді Петропавл әкімі Серік Мұхамедиев.

Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін Петропавлда 2021 жылы 160, былтыр 15 адамға жер учаскесі берілген.

Жеке тұрғын үйге учаскелерді беру үшін «Солнечный-2» және «Южный» шағын аудандарында инфрақұрылым салынып жатыр. Осы күні «Солнечный-2» елді мекенінде 68,2 км су желісі және 102,5 электр желісі тартылды, 60 км жуық жол салынды.

«Южный» шағын ауданында 43,5 км су желісі тартылып, 34,3 км жол салынды. Қазір электр бағандары орнатылып жатыр. Бұл ауданда 32 км желі тартылып, 12 электр станциясы орнатылады. Жоба келер жылы аяқталады, - дейді Серік Мұхамедиев.

Берік Арманов
Бөлісу: