Петропавлда балаларға азғындық жасаған зейнеткер cотталды

2 Мамыр, 09:40 1726

Петропавлда шалбарын шешіп, балаларды қуған зейнеткер сегіз жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кәмелетке толмағандарды азғындаған егде жастағы ер адамға үкім шығарды.

Қылмыстық кодекстің 124-бабының 1-бөлігі «Балаларды азғындық жолға түсіру» бойынша жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сот ер адамның зейнеткерлік жасын ескергенмен, қылмыстық құқықбұзушылықты мас күйінде жасауы жазасын жеңілдетпеді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: