Петропавлда Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Рашида Давлеткильдееваны еске алды

16 Қаңтар 2020, 12:18 2345

ХХ ғасырдың педагогикалық мектебінің символы, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, Петропавл қаласының Құрметті азаматы - Рашида Ғазизқызы Давлеткильдеева. Ол әрдайым талапшыл, сұранысқа ие болды.


Ол балаларды оқытып, мақалалар жазып, көп қоғамдық жұмыспен айналысты және ата-бабаларының шежіресін зерттеді. Облыстық тарихи-өлкетану, мектеп және басқа да мұражайлардың жүздеген экспонаттары -Рашида Ғазизқызының жеке сыйлығы.


«Дуслык» Солтүстік Қазақстан облыстық татар-башқұрт қоғамдық орталығы» қоғамдық бірлестігі Петропавлдағы Достық үйінде Рашида Давлеткильдееваны еске алу кешін ұйымдастырды. Кездесуге қатысушылар кештің кейіпкері, оның татар халқының мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін сақтауға қосқан үлесін еске алды. Рашида Ғазизқызы «Дуслык» татар-башқұрт орталығының белсенді мүшесі болды.


Мәселен, Р. Давлеткильдеева туысы мен тәрбиеленушісі Алла Нұрғалиева былай деп еске алады: «1945 жылдың қыркүйегінде оны қолынан ұстап, бірінші сыныпқа қадам басып, бірінші мұғалім А. Малышеваны көргендігім есімде. Сол күннен бастап 50 жылдан астам өмір бойы Рашида Ғазизқызымен бірге өттік. Ол мектеп директоры, биология мұғалімі болды, мен пионер, одан кейін комсомолға қабылдандым, 10-сыныпта мектептің оқу комитетінің төрайымы болып сайландым. Ал өмір жолын таңдау туралы сұрақ туындаған кезде мүдірместен мұғалім болу туралы шешім қабылдадым».


Рашида Ғазизқызы – «Дуслык» татар-башқұрт орталығының құрметті президенті. «Құрмет Белгісі» орденімен және көптеген медальдармен марапатталған. Қалада ең үздік мұғалімдер мен балабақшалардың тәрбиешілері марапатталатын Рашида Давлеткильдеева атындағы жүлде тағайындалды.

Бөлісу: