Петропавл қаласының тұрғындары белсенді дауыс беруде

20 Қараша 2022, 15:51 1121

Петропавл қаласында сайлау учаскесінде жәрмеңке өтуде

Петропавловск қаласындағы №586 сайлау учаскесінде кезектен тыс президент сайлауына дауыс беруге келген тұрғындар үшін жәрмеңке ұйымдастырылды. Бұл туралы осы учаскенің бақылаушысы Жанат Мұхамеджанов айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

«Таңғы сағат 07:00-ден бері халық белсенді келіп дауыс берді. Қазіргі таңда дауыс беру бірқалыпты өтуде. Осы уақыт аралығында  Конституциялық және заң ережелеріне қайшы келетін факторлар тіркелмеді. Учаскеде 6 қызметкер жұмыс істеп жатыр. Қала халқының көңіл күйі жақсы. Дауыс беруге 2 адамнан өткізіп, реттілік сақталып жатыр», - деді Жанат Мұхамеджанов.

Сонымен қатар, дауыс беруге келген тұрғындар үшін азық-түлік жәрмеңкесі өтіп жатқанын айтты.

«Келіп жатқан тұрғындар дауыс беріп қана қоймай, жәрмеңкеге қатысуда. Жәрмеңкеде арзан бағадағы қант, шемішке май, ұн, картоп, сәбіз және тағы да басқа тұрмыстық маңызы бар тамақ өнімдері сатылып жатыр», - деді бақылаушы.

Қазіргі таңда №586 сайлау учаскесінде сағат 07:00-ден бері 6 байқаушы отыр. Олар сайлау учаскесінде сағат 20:00-ге дейін қалып, жағдайды бақылап отырады.  

Миражан Махан
Бөлісу: