Іске қатысты көпшілікке танымал «Асар Үме» қайырымдылық қорының басшысы мәлімдеме жасады.
Біз сенгіміз келмейтін фактілер шындыққа айналып, бұл жағдай елдегі қайырымдылық саласына үлкен соққы болды. Бұл оқиға игі істермен айналысатын әр адамға әсерін тигізіп, қайырымдылыққа деген сенімге күмән ұялатты. Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 жасаған алаяқтық әрекеттер біздің қорымызға да әсер етті. Тергеу нәтижесінде «Асар Үме» ресми түрде жәбірленуші тарап деп танылды, – деп мәлімдеді қор.