PepsiCo Қазақстанда жеңіл тағамдар шығаратын зауыт салады

14 Маусым, 14:10 507

Премьер-министр Олжас Бектенов Ресей, Беларусь, Кавказ, Орталық Азия елдеріндегі PepsiСo азық-түлік өнеркәсібі саласындағы ірі трансұлттық корпорациясының президенті Давид Манзинимен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

ҚР үкіметінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Lays картоп чипсы» сияқты танымал өнімдерді шығаруды қамтитын жоба облыстағы ең ірі жобаға айналады және 350 білікті жұмыс орнын құруды көздейді.

Зауытты 2026 жылы іске қосу көзделген, оның қуаттылығы жылына 16 мың тоннаға дейін дайын өнімді құрайды, кейіннен 2027 жылдан бастап 21 мың тоннаға дейін ұлғайтылады. Дайын өнім Орталық Азия нарығына және одан тысқары жерлерге жеткізілетін болады. Құрылыс кезеңінде мыңға жуық адам тартылады, ал жобаның өзінде 350-ге жуық білікті мамандарға арналған жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

Жоба Қазақстанның PepsiCo сияқты маңызды инвестициялық серіктестермен ұзақ мерзімді ынтымақтастығының маңыздылығын көрсетеді және елдің экономиканы әртараптандыру және тамақ өнеркәсібін дамыту жөніндегі стратегиялық мақсаттарына бейімделеді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: