Пенсильванияда атыстан бір адам көз жұмды

9 Қазан 2023, 06:12 699

Пенсильвания штатындағы Индиана округінің Уайт Тауншип қаласында атыс салдарынан кем дегенде бір адам қаза тапты, тағы сегізі жарақат алды. Бұл туралы CNN-ге сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Оқиға қаланың қоғамдық орталықтарының біріндегі кеште болғаны атап өтілді.

Телеарна мәліметінше, зардап шеккендер ауруханаға жатқызылған, олардың біреуі ауыр жағдайда.

Бұған дейін АҚШ-тың Массачусетс штатында атыс кезінде бірнеше адам зардап шеккен.

Берік Арманов
Бөлісу: