«Пекин-Париж» культті раллиі Қазақстан аумағы арқылы өтті

7 Маусым, 18:14 541

Шамамен 100 автокөлік және 16 қолдау машиналары 18 мамырда Бейжің жанындағы «ҰлыҚытай қорғанынан» шығып, 2024 жылғы 23 маусымда Парижге жетпек, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Ұзындығы 14500 км болатын маршрут Қытай мен Қазақстаннан бөлек Әзірбайжан, Грузия, Түркия, Греция, Сан-Марино, Италия және Франция аумағы арқылы өтеді.

Биыл культті «Бейжің-Париж» раллиі Қазақстан аумағында Ұлттық туризм индустриясы қауымдастығының қолдауы және сүйемелдеуі мен өтті.

«Peking Paris Motor Challenge» шарасына 27 елден шамамен 200 спортшы қатысады. Бұл ралли әлемдегі ең қиын ұзақ қашықтыққа арналған тұрақты раллилердің бірі болып саналады. Шара соғысқа дейінгі және классикалық автокөліктерге арналғанжәне FIVA (Халықаралық Ескі Автомобильдер Федерациясы) рұқсатымен өткізіледі.

Раллидің мақсатышараға қатысушылар баратын барлық елдердің жергілікті жерін және мәдениетін зерттеу.

Қазақстанға қатысушылар «Нұр Жолы» (ҚР) – «Хоргос» (ҚХР) бақылау-өткізу бекеті арқылы кірген.

Қазақстан аумағында маршрут Алматы, Шымкент қалалары және Қызылорда облысы арқылы өтеді. Бұдан соң қатысушылар Ақеспе ауылының жанында лагерьге тоқтап, Арал теңізінжәне Бейнеу ауылының маңын аралайды. Әрісоңында Каспий теңізіне жетеді.

Содан кейін, ралли қатысушылары Құрықпортынан пароммен машиналарын жолдап, Ақтауәуежайы арқылы чартерлік рейспен Бакуге жолтартады.

«Бейжің-Париж» раллиі жай ғана ралли емес, 1907 жылы пайда болған әлемдегі ең көне маршруттардың бірі. Әр үш жыл сайын Лондондық Endurance Rally Association (ERA) бұл дәстүрді жандандырып, 1976 жылдан үлкен автокөліктерді ғана қатыстыруға мүмкіндік береді. Paris Motor Challenge әлемдік жоба және оған көптеген елдердің адамдары қызмет көрсетеді.

Айта кетейік, 2024 жыл Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы деп жарияланды. Жыл бойы 30-дан астам іс-шара өткізу жоспарлануда, оның ішінде Қазақстанның туризм түрлері бойынша тақырыптық апталықтар, Қытайдың 7 ірі қаласында (Пекин, Сиань, Шанхай, Үрімжі, Гонконг, Ханчжоу, Чэнду) Қазақстанның TOP-20 отандық дестинацияларын таныстыру, сондай-ақ Қазақстанның туризм әлеуетінҚытайда насихаттау бойынша басқа да ірі жобаларбар.

ҚХР-дан келетін қонақтар ағынының 500 мыңадамға дейін ұлғаюы күтілуде.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: