Пайдасы жоқ петицияның қажеті қанша? Вице-министр жауап берді

21 Қыркүйек 2023, 11:47 1845

Сенат отырысында қоғамдық бақылау туралы заң қаралды. Аталған заңнамада петиция ұғымы беріледі. Осыған қатысты мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров кулуарда журналистің қойған сауалына жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Журналист Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевқа қарсы петиция жазылғанын және оған 60 мың адам қол қойғанын айтты. Бірақ нәтиже жоқ. Тілшінің «Петицияның пайдасы жоқ болса, оның қажеті не?» деген сауалына вице-министр бұған дейінгі және петицияны орналастыру платформалары ресми емес екенін айтты.

Қазіргі заң жобасы қабылданған жағдайда, ресми платформа пайда болады. Егер мәселе лауазымға тұрғызу және лауазымнан босату мәселесі Президент не болмаса екі Парламент палаталары, сонымен қатар Үкімет құзыретіне кіретін болса, бұл жерде ол лауазымнан алу немесе босату петиция арқылы қаралмайды. Неге, өйткені Конституциялық заң референдум бойынша реттеледі, – деді ол.

Оқи отырыңыздар:

Бұл өз кезегінде «халықтың билікке үнін жеткізуде кедергі болады деп ойлаймасыз ба?» деген сұраққа вице-министр бұл жерде заң бұзушылыққа жол бермеу керек екенін және заң үстемдігі биік болуы қажет екенін тілге тиек етті.

Басқа лауазымнан алу үшін оның құзыретті мемлекеттік органдары бар. Сол жерге хат жазып, заң арқылы шешім қабылдау керек. Петицияның ең басты мақсаты – азаматтардың мемлекетті басқару ісіне араласуы. Бұл жерде өтініш арыз болып саналмайды. Шағым емес, ол ұсыныс ретінде. Ал ұсыныс заңға қайшы келсе, қарастырылмайды, – дейді мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: