Пайдалы әдеттер тізімі

2 Қыркүйек 2014, 09:03

Егер де бақыттырақ болғыңыз келсе

Wellness-мақсаттар. Әрбір адам үшін пайдалы әдеттер тізімі.

Егер де бақыттырақ болғыңыз келсе:

  1. Позитивті адамдармен сөйлесіңіз.
  2. Бір күн ішінде бастан өткен ең қызықты 3 оқиғаны жазып отырыңыз.
  3. Көбірек күліңіз, қуаныш гармондары жұмыс істеуіңізді жақсартады.
  4. Күншуақта көбірек уақыт өткізу керек.
  5. Күніне кем дегенде 20 минут қозғалу керек.
  6. Итпен серуендеңіз.
  7. Күніне бір адамды болса да құшақтаңыз.
  8. Ескі немесе жақын досыңызға қоңыр шалыңыз.
  9. Сізге рахат әкелететін, демалдыратын іске күнде 30 минут бөліңіз.
  10. Кішкентай болса да жаңа зат сатып алыңыз.

Стресспен жақсырақ күрескіңіз келсе:

  1. Екі минут көлемінде терең демалыңыз.
  2. 10 минуттық жаттығу жасаңыз.
  3. Демалдыратын әуен, не ән тыңдаңыз
  4. Жақындарыңызбен бөлісіңіз
  5. Стресс тудырушыдан уақытша құтылыңыз. Кездесуден 5 минутқа шығып кетіңіз немесе қиыншылық тудырған жұмысты доғараңыз.
  6. Герань немесе лаванданың эфир майларын иіскеңіз. Олар қан қысымын төмендетеді.
  7. Күншуақта 5 минут отыра тұрыңыз.
  8. Сурет салыңыз.
  9. Досыңызбен 10 минут сөйлесіңіз.
  10. Өзіңізге назар аударыңыз.
  11. Көз қағып алыңыз.
  12. Сағыз шайнаңыз.

Өзіңізді сенімді сезіңгіңіз келсе:

  1. Өзіңіңдегі ұнайтын үш қасиетті жазып, дауыстап оқыңыз.
  2. Қолдарды төмен салбыратып, тіке тұрыңыз.
  3. Сізге ең жақсы келетін киімді киіңіз.
  4. Сенімділік керек болуы мүмкін ең қиын жағдайға дайындалыңыз.
  5. Бойдағы қорқыныш сезіміне бой алдырмау керек. Оның орнына жеке жерге шығып, керіліп не кішігірім жаттығу істеп алыңыз.
  6. Қорғансыздық сезімді жеңу үшін, басқа адамдарға назар аударыңыз.
  7. Жоспарланған әрекеттерді басыңызда қайталаңыз.

Рухани дамығыңыз келсе:

  1. Күнделікті түрде рухани кітаптарды оқуға 15 минут уақыт бөліңіз (Мысалы, Құран)
  2. Орманда, бақта серуеңдеңіз.
  3. Басқа адамға жасаған жақсылықты есіңізге түсіріп, ойлаңыз.
  4. Бір материалды нәрседен немесе физикалық қалаудан бас тартыңыз.
  5. Өзіңіз секілді ойлайтындар қатарына қосылыңыз.
  6. Жұлдыздарға қараңыз.
  7. Күннің шығысы немесе батысын жиі тамашалаңыз.
  8. Бүгін кездескен адам сізді қалай әсер еткенін жазып отырыңыз.

Зейінді күшейткіңіз келсе:

  1. Медитациямен айналысыңыз. Күнде 15 минут тауып, тыныш жерде, көз жұмып ойланыңыз.
  2. Қасыңыздағы заттарға баса назар аударыңыз.
  3. Дәл қазіргі сезімдеріңіз туралы ойлау керек. Мысалы, соғып тұрған желді, теріге тиген заттарды сезу.
  4. Сезімталдылықты дамытыңыз. Қасыңыздағы адам не себепті уайымдап отыр, неге ол осы мәселемен шұғылданады?
Бөлісу: