Пайдаланылған көлік резеңкелерін қалай таңдау керек?

8 Тамыз 2014, 08:41

Үнемі су жаңа шиналарды сатып ала беруге қалтаңыздың шамасы келмей жатса, пайдаланылған доңғалақтың тысын (покрышка) сатып алу туралы ойланасыз.

Үнемі су жаңа шиналарды сатып ала беруге қалтаңыздың шамасы келмей жатса, пайдаланылған доңғалақтың тысын (покрышка) сатып алу туралы ойланасыз. Алайда олардың сапасы көлік жүргізу кезіндегі қауіпсіздікке әсер етері анық. Сондықтан, пайдаланылған резеңкені таңдау барысында келесі нұсқаулар жадыңызда болсын.

1. Базарға барар алдында, қанша ақша жұмсай алатыныңызды анықтап алыңыз және іздеген нәрсеңізді бірден сатып алуға асықпаңыз. Алдымен жаңа және ескі доңғалақтар тысының бағаларын сұрастырып, салыстырыңыз. Есіңізде болсын, бағалары бірдей төменгі санаттағы жаңа шина мен бұрын қолданылған қымбат шинаның арасынан жаңасын таңдаған жөн. Өзіңізге «шинаны қай жерден сатып аламын?» деген сауалға жауап беріңіз. Оның жолдары көп: газет беттеріндегі жарнамалар арқылы, ғаламтордан, көлік базарынан, автокөлік сервисінен, таныстарыңыздан және т.б. «Оң» және «теріс» тұстарын таразылаңыз.

2. Шиналарды қарау кезінде сатушыдан не үшін сатып жатқанын сұраңыз. Егер сатушы әлі де қолдана тұруға болатын бір маусымның шиналарын сатып жатса, абай болыңыз, оның көзге көрінбейтін кемшін жерлері болуы мүмкін. Осыған дейін қандай жөндеулер жасалғанын да біліп алыңыз. Есіңізде болсын, шинаның бүйір жағында тілік не тесік болса, тіпті оны жапсырып қойғанның өзінде, бұндай шиналар жолға жарамсыз болып табылады.

3. Әрбір доңғалақтың шыққан жылын тексеріңіз (ол шинаның бүйірінде көрсетілген). Кейде саудагер бірдей модельдегі шиналардан комплект жасайды (бірақ оларды қосалқы доңғалақтардан жинайды). Бұл жағдайда, доңғалақтардың шыққан жылдары бір-бірімен сәйкес келмейді, яғни олар әртүрлі көліктерден алынған. Сапасы мен пайдаланылған мерзімнің әртүрлі болуынан, пайдаланылған шиналар көпке шыдамайды.

4. Ұнатқан тауарды мұқият қарап шығыңыз. Ішкі және сыртқы бүйірлерінде ұсақ жарықтар, арнайы герметиктің іздері (вулканизирующая паста), шинаның ішкі жағында жамаулар мен балқытуларыдың іздері, әсіресе радиальді дөңгелектерде болмау керек (протектордың сырт жағында бола береді). Бұл аталғандар көлікке жүк тиегеннің өзінде, қозғалыс кезінде дисбаланс тудырады.

Бөлісу: