Павлодарлық тұрғын қонақтарының қолынан қаза тапты

1 Қараша, 18:32 1259

Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, ер адам мен әйел адам үйлеріне қонақ шақырған. Кейін отырыс жанжалға айналған. Екі қонаққа келген адам үй иелерімен ұрысып, төбелесті бастаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Айқай-шу нәтижесінде ер адам ауруханаға түсті. Ал әйел адам алған соққыдан қайтыс болды.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдарын жүргізіп жатырмыз, – деді полиция департаментінде.

Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: