Павлодарлық балалар мінген көлік жол апатына ұшырады

Кеше, 12:13 454

18 сәуір күні «Астана – Ерейментау – Шідерті» автожолында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Mercedes маркалы шағын автобус апатқа ұшырап, салонда 14 пен 16 жас аралығындағы 16 бала және олардың жаттықтырушысы болған. Жаттықтырушы оқиға орнында қаза тапты.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші жүк көлігін басып озу кезінде рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен.

Белгілі болғандай, жасөспірімдер Павлодардан Астанаға спорттық жарысқа бара жатқан.

Балалар дереу медициналық мекемеге жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ, облыстық полиция департаментінің мәліметінше, сапарды ұйымдастырған жекеменшік спорт мектебінің басшылығы жол жүру туралы полицияны алдын ала хабардар етпеген. Соның салдарынан патрульдік автокөлікпен сүйемелдеу қарастырылмаған. Аталған дерекке байланысты тексеріс басталды.

Перизат Саденова
Бөлісу: