Павлодарлық әнші Қытайдың опера сахнасын бағындырмақ

Кеше, 13:52 303

Бұл туралы павлодарлық әнші Мария Мудряк Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шілде айында «Фигароның үйленуі» фильміндегі графиняның жаңа рөліндегі дебютпен Пекинге қайта оралғаныма өте қуаныштымын, - деп жазады опера дивасы.

Концерт Пекиндегі Ұлттық орындаушылық өнер орталығында өтеді. Қытайдың негізгі опера сахнасы футуристік келбеті үшін «Жұмыртқа» деген лақап атқа ие.

Бастысы, Мария Мудряк 19 наурызда Павлодарда өнер көрсетпек. Әлемге әйгілі әнші әлеуметтік желі арқылы жерлестерінен оның Ертіс бойындағы қалада қандай ән қалайтындарын сұрапты. Пікірлерге қарағанда, павлодарлықтардың талғамы әртүрлі.

Перизат Саденова
Бөлісу: