Павлодарлық тұрғыннан 18 қап көкнәр тәркіленді

2 Қыркүйек 2022, 09:25 1745

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

Павлодарлық тұрғыннан 18 қап көкнәр тәркіленді, – деп хабарлайды El.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстан Республикасы ҚК 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу барысында тергеу Павлодар қаласының тұрғыны қаладағы дүкендердің бірінде 12 мыңға килограм көкнәр сатып алғанын, одан үй жағдайында жеке пайдалану және өткізу үшін ацетилденген апиын дайындағанын анықтады. 

– Дүкен иесі Павлодар қаласының әртүрлі жеке кәсіпкерлерінен көкнәрді көтерме бағамен сатып алғанын және есірткіге тәуелді адамдарға бір килограмын 12 000 теңгеден сатқанын түсіндірді. Полиция қызметкерлері дүкеннен әрқайсысының салмағы 25 кг болатын көкнәр салынған 18 қапты тәркіледі, олар бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нурсеитов.

 Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 301-бабы (Улы заттардың, сондай-ақ есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді немесе улы заттарды дайындау немесе қайта өңдеу үшін пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бөлісу: