Павлодардағы тұрғын үйлердің біріндегі лифтіде әйел дәрет сындырған

19 Қаңтар, 16:50 1047

Павлодардағы тұрғын үйлердің біріндегі лифтіде әйел дәрет сындырған. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Чайковский көшесінде орналасқан пәтер иесінен арыз келіп түскен. Ол лифтіде қажетін өтеген әйелге шара қабылдауды сұраған.

Құқық бұзушының кім екенін анықтадық. Ол – 32 жастағы павлодарлық. Досының үйіне қонаққа келген. Ұсақ бұзақылық жасаған әйелдің үстінен әкімшілік хаттама толтырылды, - деді Павлодар қаласы ПД Оңтүстік полиция бөлімінің аға учаскелік инспекторы Ержан Тыналинов.

Құқық бұзған әйелдің ісі сотта қаралды. Соттың үкімімен қоғамдық тәртіпті бұзған әйелге 15 АЕК (55 380 теңге, 1 АЕК – 3 692 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Равиль Ашығали
Бөлісу: