Павлодардағы балабақша бірінде кішкентай қыздың саусағын есік кесіп кетті

17 Қараша 2023, 11:16 1194

Павлодарда балабақшада баланың шынашағының бір бөлігін есік кесіп кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дәрігерлер дер кезінде орнын тіккенмен, нәтиже болмапты. Қыздың анасының айтуынша, серуеннен келе жатып, қызы табалдырықтан өтіп, есік жақтауын ұстаған. Ал тәрбиеші есікті жіберген кезде баланың саусағын жұлып кеткен.

Баланың оң қолындағы шынашағының жартысын есік кесіп түскен. Олар жедел жәрдем шақырып, ауруханада қызымның саусағын тігіп бергенімен, ол жазылмады, керісінше қарайып кетті. 20 қазанда ампутация жасап, жартысынан көбін алып тастады. Балабақша әкімшілігі басқа баланың терезеге шығып кетуіне байланысты күтушінің есікті жібере салғанын айтты. Олардың өзі есеңгіреп қалды, – деді анасы.

Ол балабақшадағылар тіпті кешірім сұрамағанын, камералардан жазбаларды көруге рұқсат бермегенін айтып шағымданды.

Бала есеңгіреп қалды, ол саусағын тігіп жатқанын көрді. Содан кейін анестезиямен ампутация жасалды, екі апта бойы күніне алты укол салынды. Енді ол таңғышсыз саусағын көргенде шошиды, - дейді баланың анасы.

Мектепке дейінгі ұйым басшысы мен тәрбиешіден түсініктемелер алынып, бейнебақылау камералары қаралды. Осы фактіге жол бергені үшін балабақша меңгерушісіне қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза тағайындалады. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: