Павлодарда жылу құбырының сыртқы жабыны жанды

4 Маусым 2023, 23:37 661

Белгілі болғандай алдымен құрғақ шөп жанған. Бұл туралы @Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.

- Өрт туралы хабарлама бүгін сағат 20:45-те келіп түсті. Мұнда Павлодар қаласында Олжабай батыр көшесі, 13 мекенжайы бойынша құбырлардың жылу оқшаулағышы жанған. Онда алдымен құрғақ шөп жанғаны белгілі болды. Салдарынан жалын жалпы ауданы 100 шаршы метр құбырдың сыртқы жабыны жанды, - делінген хабарламада.

Оқиға орнына 2 адам және бір арнайы техника жұмылдырылды.

Өрт сағат 21:20-да жойылды.

EL.KZ
Бөлісу: