Павлодарда жылу құбыры жарылып, 11 үй жылусыз қалды

2 Наурыз 2023, 16:55 1038
Қаладағы Қамзин мен Малайсары батыр көшелерінің қиылысында жылу құбыры жарылып, асфальт астынан су атқылай бастаған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 
«Апат салдарын жою үшін 11 жеке тұрғын үй, 3 әлеуметтік нысан және 2 денсаулық сақтау нысанында жылу беру уақытша тоқтатылды», – деп хабарлады «Павлодарэнерго» АҚ баспасөз қызметі.

Зардап шеккендер жоқ. Компания өкілдерінің айтуынша, жылу бүгін сағат 17:00-ге дейін беріледі.

EL.KZ
Бөлісу: