Павлодарда жол шетінде тұрған қызды автокөлік қағып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға Жетекші ауылынан екі шақырым жерде, Шарбақты ауданына баратын автожолда болған.
Павлодар облыстық жедел жәрдем стансасының мәліметінше, оқиға орнына жеткен медициналық топ қызды өлімнен арашалап қала алмаған. 27 жастағы қыз өміріне сәйкес келмейтін жарақат алған.
Оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.