Павлодарда жол апатынан жаяу жүргінші қаза тапты

30 Маусым 2023, 11:00 756

Оқиға 29 маусым күні түнде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 22:27 шамасында қала полициясына Мәшһүр Жүсіп - М.Горький көшелерінің қиылысында трамвай вагонының жүргізушісі 58 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. 

Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Ал жүргізуші апат орнынан кетіп қалған.

Осы факті бойынша полиция ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Трамвай анықталды, тексерілді және мөрленді, - делінген мәліметте.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: