Павлодарда жеке тұрғын үйлердің бірі өртенді. Оқиға бүгін күндізгі уақытта болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қызыл жалын 80 шаршы метр аумақты шарпыған.
Шақырту бойынша мекенжайға дереу жеткен өрт сөндірушілер жалынды сөндіріп үлгерді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.