Павлодарда жастарды бопсалаған қылмыстық топ ұсталды

Кеше, 14:51 270

Қаңтарда Павлодарда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен жергілікті криминалитет арасынан бір топ адам ұсталды. Олар жүйелі түрде жастарды бопсалап, кәмелетке толмағанды қылмыстық әрекетке тартқан. Бұл туралы Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сонымен қатар Петропавл қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері үш адамнан тұратын топты ұстады. Фигуранттардың біреуі бұрын бірнеше рет сотталған. Күдіктілер жергілікті тұрғынды заңсыз қамауда ұстап, ұрып-соғып, ақша боспалаған.

Жамбыл облысы Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері шаруа қожалығының басшысынан 800 мың теңге ақша бопсалаған күдіктілерді ұстады. Тінту барысында олардан шолақ мылтық пен оқ-дәрі тәркіленді. Тергеу бопсалау және атыс қаруын заңсыз сақтау фактілері бойынша жүзеге асырылуда.

Былтыр полиция қызметкерлері 500-ден астам бопсалау қылмысын анықтады. Көбінесе қылмыскерлер қорқыту арқылы ақша бопсалаған. Мұндай факт Алматы қаласында анықталған. Онда жедел іс-шаралардың нәтижесінде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы 4 азаматты ұстады. Олар жергілікті тұрғыннан беделін түсіретін бейнематериалдарды таратпағаны үшін 40 млн теңге талап еткен. Құқық қорғау органдарына жүгіну қылмыстардың аталған түрінің жолын кесудің ең сенімді тәсілі болып табылатынын атап өткен жөн, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: