Павлодарда жастар этномәдени бірлестіктері арасында патриоттық әндер фестивалі өтті

11 Желтоқсан 2018, 02:58 1750

Павлодарда облыстық жастар этномәдени бірлестіктері арасында мемлекеттік тілде патриоттық әндердің «Әнімді саған арнаймын, Қазақстан» фестивалі өтті.

Іс-шара қонақтары қатарында Қазақстандағы Польша Республикасының Елшілігінің вице-консулы Норберт Рафалик, Молдова Ұлттық кәсіподақтар конфедерациясының өкілі Елена Каркилан болды. Сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы - бүкіл қазақстандықтарды тұтас біріктіретін жалпыұлттық институт. Ассамблеяның арқасында біздің жастарымыз өсіп-өркендеп келеді. Бүгінгі жастар арасында отансүйгіштік пен Отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелейтін іс-шара ұйымдастырылып өткізілуде», -  деп атап өтті аймақтық ҚХА хатшылығының меңгерушісі С.Жетпісбаев фестивальді ашу салтанатында.

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген фестиваль Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығына арналды. Патриоттық әндер фестивалі жастарға қолдау көрсету, оларды патриоттық рухта тәрбиелеп, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған.

Фестиваль соңында қатысушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Бөлісу: