Павлодарда жасөспірім мектепте бұрыш баллонын шашты: үш оқушы зардап шекті

4 Мамыр 2023, 15:36 748

Павлодарда 9 сынып оқушысы мектепте бұрыш баллонын шашып жіберген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Polisia.kz мәліметінше, салдарынан үш оқушы зардап шекті.

3 мамыр күні сағат 17:30 шамасында Павлодар қаласының полициясына қала мектептерінің бірінің үш оқушысы уланып, ауруханаға жатқызылды деген хабарлама түскен, – делінген мәліметте.

Полиция қызметкерлері 16 жастағы 9-сынып оқушысы өзімен бірге бұрыш сепкіш алып келгенін анықтады.

Сабақ барысында ол сыныптастарымен бірге бірге бұрыш сепкішті сыныпта шашыратпақ болып келіскен. Сағат 11:35 шамасында достарының бірі кабинетте бүріккіш бөтелкені шашыратып жіберген. Мұғалімдер болған оқиғаның мән-жайын білген соң кабинет желдетіліп, дымқыл ерітіндімен тазартылды, – делінген хабарламада.

Екінші ауысымда осы кабинетте 6-сынып оқушылары оқыған. Сабақ барысында осы сыныптың кейбір оқушылары көздің ашуы, беттің қызаруы түріндегі белгілермен өздерін нашар сезінген. Кезекші әкімшілікпен жедел жәрдем шақырылып, сынып жетекшісінің ілесуімен оқушылар ауруханаға жеткізілді.

– Осы факті бойынша полицияда заңды өкілдер мен педагогтардың қатысуымен алдын алу кеңесінің отырысы өткізілді. Отырыс қорытындысы бойынша 15 жастағы оқушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабымен әкімшілік материал жасалды. Жасөспірімнің заңды өкіліне 7 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ барлық кәмелетке толмағандармен құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеу туралы алдын алу сипатындағы әңгіме жүргізілді, – деді полиция қызметкерлері.

EL.KZ
Бөлісу: