Павлодарда жалған еңбек шарттарын жасаған әйел бюджеттен 19 млн теңге жымқырған

19 Қаңтар, 12:33 963

Павлодарда жалған еңбек шарттарын жасаған әйел бюджеттен 19 млн теңге жымқырған. Қылмыстық құқық бұзушылыққа жол берген азамат бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

62 жастағы Павлодар тұрғыны, 1, 2, 3-топтағы мүгедектер бірлестігіне жіберілетін, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауын, мүгедектерді еңбекке, мәдениет және спортқа баулуын, олардың әлеуметтік оңалтуын, интеграциясын және басқа да көмектеріне қолдау көрсететін корпоративтік қордың президенті болған.

Сотталған азамат өзінің қызметін асыра пайдалана отырып, қордың вице-президентімен бірге, заңсыз баю мақсатында мүгедектерге көмек көрсететін адамдарға қызмет көрсетудің ақысын төлеу үшін бюджет қаражатынан алаяқтықпен жымқырған. Олар осы ұйымда жұмыс істемейтін адамдармен жалған еңбек шарттарын рәсімдеді.

Осылайша, бюджет қаражатынан 19 млн теңгеден қаражатты қалтаға басқан. Сот сотталған азаматты ҚР ҚК-нің 190-бабымен қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныды және оған 5 жыл мерзімде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, мемлекеттік қызмет саласында 5 жылға дейін қызметпен айналысу құқығынан айырды.

Сотталған өзінің кінәсін түсініп, жасаған ісіне өкінді. Абай облысы бойынша әйелдер колониясына келген күннен бастап мекеме қызметкерлері сотталушының құқықтары мен міндеттерін түсіндірді, – деді мекеме бастығының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Анар Сабиева.

Равиль Ашығали
Бөлісу: