Павлодарда жағалауға көлігімен кірген жүргізуші жазаланды

1 Сәуір 2023, 15:35 680

Павлодарда жағалауға көлікпен кірген жүргізуші жазаланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.

Қала тұрғыны жағалауда серуендеп келе жатып, жағалауға кірген автокөлікті байқады. Оны ұялы телефонға тіркеп, бейнені 102-нің мобильді қосымшасына жіберді.

Полицейлер Toyota Griz көлігінің жүргізушісі «қозғалысқа тыйым салынатын 3.2» жол белгісін елемегенін анықтады.

ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік материал жасалды. 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

EL.KZ
Бөлісу: