Павлодарда үй өртеніп, салдарынан 2 жасар қыз көз жұмды

9 Тамыз 2023, 15:18 1227

Павлодар облысында жеке үйдегі өрттен 2 жасар қыз көз жұмды. Өрт 80 шаршы метрді аумақты шарпыған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жергілікті уақытпен сағат 10:29-да жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына департаменттен 8 адам мен 2 техника жедел жетті. Тұрғын үйдегі өрттен 2019 жылғы бала бірінші, екінші дәрежелі термиялық күйік алғаны анықталды. Алайда, күйік шалған баланы ауруханаға жатқызудың қажеті болмады. Өкінішке орай, 2021 жылы туған қыз бала қайтыс болды, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Үй өртенген кезде балалардың анасы аулада болған. Көпбалалы отбасының анасы сегізінші баласының өмірге келер күнін күтіп жүр.

Тілсіз жау сағат 11:45-те оқшауланды. Ал, сағат 12:15-те толығымен жойылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Равиль Ашығали
Бөлісу: