Құтқарушылар ас үйдің терезесі арқылы үйге кіріп, орындықтағы отырған әйелдің денесін тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7 қазан күні сағат 16:50-де Катаев көшесі, 50 мекенжайында пәтер иесі есік ашпай жатқаны туралы хабарлама түскен.
Құтқарушылар баспалдақ арқылы үшінші қабатқа көтеріліп, терезе арқылы үйге кірген. Әйел адамның туыстары және полиция қызметкерлері де оқиға орнында болған.
Құтқарушылар ас үйде тіршілік белгілері байқалмаған 63 жастағы әйел адамның отырған күйдегі денесін тапты. Іс полицияға тапсырылды, – деді департаментте.
Шақыртуға бір техника мен ТЖД-ның төрт қызметкері, 102 қызметі шықты.