Полицейлер Павлодар қаласындағы ғимарат төбесінің құлауы кезінде үйінділердің астында қалған адамдарды құтқаруға көмектесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кеше қалада ауа-райының нашарлауы, нөсер мен қатты желдің екпіні салдарынан Н. Назарбаев даңғылында орналасқан сауда үйі ғимараты қаптамасы құлап кетті.
Оқиға орнына келген полицейлер дереу қоршауды жүзеге асыра бастады, адамдарды эвакуациялады, арнайы техника үшін кедергісіз кіруді қамтамасыз етіп, құтқару іс-шараларына қатысты, себебі үйінділер астында адамдар қалды.
Зардап шеккен екі ер адам ауруханаға жатқызылғаны туралы айтылды.