Павлодарда су тасқынына қарсы күрес белсенді жүргізіліп жатыр

28 Наурыз, 16:00 756

Павлодар облысы ТЖД мен жергілікті атқарушы органдары тарапынан су тасқынына қарсы бірлескен іс-шаралар жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыс бойынша автомобиль жолдарының 6 учаскесі бақылауда, оның ішінде Республикалық маңызы бар 4 учаске және аудандық маңызы бар 2 учаске, елді мекендердегі су тасқынына қарсы 21 учаске.

Су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу үшін 114 адам, 50 бірлік техника, 8 мотопомпа жұмылдырылды. Бұл ТЖД, жергілікті атқарушы органдары, жол қызметі және полиция департаментінің күштері мен құралдары.

Тәулігіне 30 мың м3 астам еріген қар суы, 420 тонна қар шығарылды, 1417 қап инертті материал төселді. Жұмыс тұрақты түрде жүргізілуде. ТЖД қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдар елді мекендерге тәулік бойы мониторинг жасайды. Оған дрондар да қосылған.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: