Павлодарда скутер мінген екі оқушы жүк көлігіне соғысып, мерт болды

6 Маусым, 16:52 891

Павлодар облысыда скутер тізгіндеген екі оқушы ажал құшты, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Оқиға Павлодар-Ақсу бағытындағы Нұрлы жол көпірінде болған. Скутерге мінгесіп алған екі жасөспірім жол шетінде тоқтап тұрған жүк көлікке соғылған.103 қызметіне қоңырау 5 маусым күні сағат 16:54-те түскен. Оқиға орнында дәрігерлер 15 жастағы баланың қаза болғанын анықтады. Тағы бір 15 жастағы жәбірленуші ауыр жарақатпен қалалық ауруханаға жеткізілгенмен, ол қайтыс болды.

Бір сәтте екі жас қыршынынан қиылды. Оқиға Ақсудан Ертіс өзені үстімен Павлодарға апаратын көпірде болған. 9-сыныпта оқитын екі жасөспірім мінген скутер жолда тоқтап тұрған КАМАЗ көлігіне соғылады. Жүк көлігі жол жөндейтін компанияға тиесілі екен. Қатты соққыдан арттағы бала оқиға болған жерде қайтып кетті. Ал скутер тізгініндегі жасөспірім ауруханада көз жұмды, – деп жазады жергілікті журналист Болат Аманбаев. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: