Павлодарда 16-шы Ю.М. Никитин мемориалының 3 турдан кейінгі нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еліміздің шахмат федерациясының мәліметінше, Masters турнирінде жалғыз көшбасшы – гроссмейстер Сергей Волков (2397) болып отыр. Ал турнирдің екінші күнінде Мирас Асылов (FM) пен Алексей Фёдоров (GM) қатарынан екі жеңіске жетіп, сәтсіз басталған ойындарын түзетті.
Турнир кестесінде (3 турдан кейін) GM Сергей Волков – 3 ұпай, FM Алан Петухов – 2.5, GM Алексей Барсов, FM Мирас Асылов, GM Алексей Фёдоров – 2, IM Элдияр Орозбаев, WFM Зарина Нұрғалиева, CM Әлішер Абдсаттар – 1 ұпайдан еншілеп отыр.
Open санатында 6 шахматшы 100% нәтиже көрсетуде. Олардың ішінде Абзал Әмірәлі (2138) мен халықаралық шебер Владимир Гребенщиков (2132), ол 2010 жылғы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері.
Турнир Павлодардағы шахмат үйінде өтуде. Жарыстың жалпы жүлде қоры – 1 500 000 теңгені құрайды.